Батыс Қазақстанда қатарынан екі үй өртеніп кетті

Батыс Қазақстанда қатарынан екі үй өртеніп кетті

Батыс Қазақстанда қатарынан екі үй өртеніп кетті
ашық дереккөзі
50162
БҚО-да екі үй қорасымен қоса өртеніп кетті деп хабарлады turkystan.kz облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Оқиға кеше түскі сағат 14.00 шамасында Жәнібек ауылында болған.
– Әуелі Әбдірахманов көшесінде шөп қора жанған. Кейін желдің салдарынан өрт Б.Жәнекешев көшесі, 105 және 180-үйлерге ауысып, үй мен қора-қопсылары түгелдей жанып кетті. Оған қоса тағы екі үйдің қорасы мен бір үйдің гаражы отқа оранды, – делінген хабарламада.
Ірі өртті ауыздықтауға жергілікті тұрғындар, техникалармен қатар көршілес аудан мен Орал қаласынан өрт сөндірушілер тартылған.
– Сағат 18:12-де беті қайтқан өрттен зардап шеккендер жоқ, – делінген облыстық ТЖД таратқан хабарламада.
 

Серіктес жаңалықтары