«Жаяу жүруден шаршадым»: Көлік ұрлаған жігіт кінәсін мойындады (ВИДЕО)

«Жаяу жүруден шаршадым»: Көлік ұрлаған жігіт кінәсін мойындады (ВИДЕО)

«Жаяу жүруден шаршадым»: Көлік ұрлаған жігіт кінәсін мойындады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50281
Жамбыл облысында ішімдік ішкен 17 жастағы жігіт біреудің көлігін айдап әкеткен деп хабарлады turkystan.kz аймақтық ПД-ға сілтеме жасап. Сарысу ауданы Полиция бөлімінің қызметкерлері түнгі патрульдеу кезінде Жаңатас қаласының орталық көшелерінің бірінде қозғалысы күдік тудырған автокөлікті байқаған. Аталған көлік жүргізушісі полиция қызметкерлерінің тоқтау туралы ескертуін елемей, бағытын өзгертіп қашпақшы болғанда жол шетіндегі цемент қапталға соғылған. Құқықбұзушы кәмелетке толмаған 17 жастағы Тараз қаласының тұрғыны болып шықты. Сондай-ақ оның біреудің көлігін ұрлап айдап кеткендігі және масаң күйде болғаны анықталды. Алайда иесі көлігінің ұрланғандығынан хабарсыз болған. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігімен (автомобильді жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар оған ҚР ӘҚБтК 608-бабы 8-бөлігімен хаттама толтырылды. Қазіргі таңда ол Жамбыл облыстық Білім басқармасының қызметкерлерімен Тараз қаласындағы Жасөспірімдер үйіне жеткізілді. КТК телеарнасының хабарлауынша, жасөспірім полицейлерге жаяу жүруден шаршағанын мойындаған. Енді жігітті айыппұл және қылмыстық жаза күтіп тұр.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от @zhambyl_police

Серіктес жаңалықтары