Риддер орманында жоғалып кеткен ер адам табылды

Риддер орманында жоғалып кеткен ер адам табылды

Риддер орманында жоғалып кеткен ер адам табылды
ашық дереккөзі
50257
Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының іргесіндегі орманда жоғалып кеткен ер адам 3 күннен соң табылды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Риддер қаласының тұрғыны 17 тамызда үйден орманға саңырауқұлақ теруге шығып кеткен. Жұбайының хабарынан соң құтқарушылар оны іздестіре бастайды. 40 жастағы азамат 19 тамызда Риддер қаласының маңындағы Поперечное ауылына барар жолдан табылды.
«Ер адам аталған жолдың 20-шақырымынан табылып отыр. Оның айтуынша, Газ 3110 маркалы көлігі сынып, үйге қайта алмай қалған. Риддер қаласына келген азаматты жан жары қуана қарсы алды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Серіктес жаңалықтары