Павлодарда енесінің картасынан ақша ұрлаған келін тергеліп жатыр

Павлодарда енесінің картасынан ақша ұрлаған келін тергеліп жатыр

Павлодарда енесінің картасынан ақша ұрлаған келін тергеліп жатыр
ашық дереккөзі
50184
Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
- Павлодар қаласында әйел адам енесінің рұқсатынсыз картасын алып, жасырын түрде 139 мың теңгесін шешіп алған. Бұл жайлы 49 жастағы ене полицияға өтініш жазып, хабарлады,- деді баспасөз қызметіндегілер.
Келіннің айтуынша, оған ақша жеке қажеттіліктері үшін керек болған. Полиция атап өткендей, 30 жасар келінге қатысты ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары