«Айлығымды тартып алды»: Павлодарлық азамат әйелінің үстінен шағым түсірді

«Айлығымды тартып алды»: Павлодарлық азамат әйелінің үстінен шағым түсірді

«Айлығымды тартып алды»: Павлодарлық азамат әйелінің үстінен шағым түсірді
ашық дереккөзі
50174
Павлодарда ер адам айлығын алып үйіне келген соң оны әйеліне бергісі келмеген. Алайда ақша жұбайының қолына түскенін білген азамат оның үстінен шағымданып полицияға хабарласқан деп хабарлады turkystan.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап. Полицейлер оқиға орнына барып, қандай жағдай болғанын анықтаған. Күйеуі әйелінен жасырса да ақша жұбайының қолына түсіп, қайта өзіне қайтара алмай қойған.
«Күйеуі тапқан-таянғанын өз қажеттіліктеріне жұмсауды жоспарлаған, ал әйелі бұл қаражатты отбасына бір нәрсе сатып алуды шешкен», - деп хабарлады облыстық Полиция департаменті.
Полиция қызметкерлері ешкімді ұстамай, профилактикалық әңгіме жүргізіп, дауды басуға тырысқан.  Олар кеткенше жұбайлар арасындағы жанжал басылған.  

Серіктес жаңалықтары