Болат Назарбаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалғаны расталды – БАҚ

Болат Назарбаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалғаны расталды – БАҚ

Болат Назарбаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалғаны расталды – БАҚ
ашық дереккөзі
50568
Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев пен оның бұрынғы әйелі Майра Құрманғалиеваның үстінен қылмыстық іс қозғалғаны расталды деп хабарлады turkystan.kz ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.
«17 маусымда Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен ҚР Қылмыстық кодексінің 249-бабының 1-тармағымен («рейдерлік») сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген прокуратураның ҚазТАГ тілшісінің сауалына берген жауабында.
Бұған дейін журналист Михаил Козачков Болат Назарбаев пен Майра Құрманғалиеваның үстінен қозғалған қылмыстық іс туралы өзінің Telegram-каналында жазған болатын. Оның айтуынша, Тұңғыш Президенттің інісі мен экс-келініне Нұршы Кәкенова есімді кәсіпкер әйел шағымданған.

Серіктес жаңалықтары