Қазақстандық балуан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық балуан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық балуан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
ашық дереккөзі
50257
Қазақстандық балуан Юсуф Мациев Болгария астанасы Софияда 20 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды деп хабарлады turkystan.kz. Қазақстан күрес федерациясының сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Юсуф Мациев грек-рим күресінен 97 келіге дейінгі салмақта финалға дейін еркін жетіп, соңғы белдесуде ирандық Али Рамезанали Абедидарзимен белдесіп, есе жіберді. Тағы бір қазақстандық балуан Дін-Мұхамед Қошқар 67 келіге дейінгі салмақта қола жүлдеге ие болды. Бұдан бұрын грек-рим күресінен Мақсат Сайлау 87 келіге дейінгі салмақта үшінші орыннан көрінген еді. Ол қола жүлде үшін бәсекеде украиналық Микита Алексеевтен басым түсті.

Серіктес жаңалықтары