Неге суық күнде аяқ-қол қақсайды?

Неге суық күнде аяқ-қол қақсайды?

Неге суық күнде аяқ-қол қақсайды?
ашық дереккөзі
58464
Әке-шеше, апа-атамыздың «аяғым мен саусағым қақсап бастады, бүгін күн бұзылатын сияқты» дегенін жиі естідік. Болжамы айдай келіп, не жаңбыр жауады, не күн суытады. Кейде жастардың өзі де жарақат алған жері күн суытқанда сыздап шыға келетіні бар. Мұның сыры неде екен? Бұл не қылған құдірет? Күн бұзылса, қол-аяқ қақсап, сыздап қоя беретінін ежелгі дәрігерлер де байқаған. Мәселен, көне грек дәрігері, медицинаның атасы Гиппократ біздің дәуірімізге дейінгі 400 жыл бұрын-ақ осы құбылысты сипаттап, еңбек жазып кеткен. Бірақ ғылымда бұл құдіреттің сыры әлі жұмбақ. Тек гипотеза мен болжам ғана бар. Зерттеушілердің бір тобы күн суытқанда, атмосфрералық қысым төмендейтінін, ал қысым төмендеген кезде буынды қоршап жатқан сары судың сығылатынын айтады. Сол сәтте жүйке жүйесі тітіркендіріп, ауру мен сыздау пайда болады. Ауа қысымы төмендеген кезде, адамның дене қысымы да төмендейді. Содан буын мен сіңірдегі көмірқышқыл газы сығылып, сүйекті шырмап жатқан жүйке жүйесіне әсер етеді. Аяқтың, әсіресе, жарақат алған тұстың қақсап кететіні содан. Ал зерттеушілердің тағы бір тобы «ауа температурасы түскен кезде бұлшықет ширайды, сол ширау сүйекті қысып, жарақат алған тұсы қатты ауырсынуы мүмкін» деген ой айтады. Қалай десек те, бұл екі тұжырым да тек гипотеза. Әлі зерттеу мен тәжірибе жүзінде дәлелденбеді. Бірақ, күн суытып, аяқ-қол қақсағанда ауру басушы дәрінің көмектеспейтіні дәлелденген. Тағы бір айта кетерлігі, адам қанша күн суытпайтын, ыстық жерге қоныс аударды дегеннің өзінде бұл дерт қайтпайды. Өйткені адам ағзасы жаңа мекенге үйренісіп алады да, сигнал берудің тағы бір жолын тауып алады.

Серіктес жаңалықтары