Қазақтың тұңғыштары: 10 тұлға

Қазақтың тұңғыштары: 10 тұлға

Қазақтың тұңғыштары: 10 тұлға
ашық дереккөзі
54055
Қазақтың саяси, қоғамдық өмірінде, әдебиет пен мәдениетінде, өнерінде тұңғыш болып із салған тұлғалар бар. Turkystan.kz сайты назарларыңызға солардың ішіндегі 10 тұлға туралы дерек ұсынады.  width= Жамбыл ЖАБАЕВ Тұңғыш «ХХ-ғасыр Гомері» атанған тұңғыш қазақ; Ешкімнен жеңіліп көрмеген тұңғыш айтыс ақыны; 1938 жылы 15 шілдеде Қазақ ССР Жоғары Советінің тұңғыш сессиясын өлеңмен ашқан ақын; Қазақстанның тұңғыш 100 жасаған ақыны.  width= Әлихан БӨКЕЙХАНҰЛЫ Орынборда «Алашорда» деген атпен алғаш құрылған қазақ өкілдерінің тұңғыш төрағасы; «Коммунистер манифесін» тұңғыш қазақшаға аударған қазақ.  width= Қажымұқан МҰҢАЙТПАСҰЛЫ Французша күрестен әлемнің чемпионы болған тұңғыш қазақ; Еркін күрестен әлемнің чемпионы болған қазақ; Джиу-джитса (карате) күресі бойынша дүние жүзі біріншілігінің жеңімпазы болған тұңғыш қазақ.  width= Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ Тұңғыш қазақ тіл білімі ғылымының негізін қалаған адам; Тұңғыш әдебиеттану ғылымының негізін салған адам; Арап қарпіндегі тұңғыш төте жазу әліпбиін жасаушы; Тұңғыш тіл ғылымына және әдебиеттануға қатысты қазақ терминдерін жасап, ғылыми айналымға түсіруші.  width= Мұхамеджан ТЫНЫШПАЕВ Қазақтан шыққан тұңғыш темір жол инженері; Қоқан автономиясының тұңғыш Үкімет басшысы; Кеңес заманында қазақ халқының ежелгі тарихын жазған тұңғыш зерттеуші.  width= Қоңырқожа ҚОЖЫҚОВ Тұңғыш қазақша «Әліппе» оқулығын шығарушы.  width= Әліби ЖАНГЕЛДИН Дүние жүзі пролетариатының көсемі аталған В.И.Ленинмен бірнеше рет кездескен, пікірлескен тұңғыш қазақ; Тұңғыш революциенер қазақ.  width= Міржақып ДУЛАТОВ Тұңғыш қазақ романының авторы; Бастауыш мектеп балаларына арнап тұңғыш оқулық жазған жазушы.  width= Әміре ҚАШАУБАЕВ Шетелде жүлде алған тұңғыш қазақ әншісі.  width= Санжар АСФЕНДИЯРОВ Мәскеу Мемлекеттік университетінің тұңғыш қазақ профессоры; Шығыстану институтының тұңғыш қазақ ректоры; Қазақ университетінің тұңғыш директоры; Қазақ медицина институтының тұңғыш ректоры; Қазақтан шыққан тұңғыш көп тіл білетін полиглот ғалым; Тұңғыш «Қазақстан тарихы» атты тарихи еңбек жазған ғалым.

Серіктес жаңалықтары