Дизель отыны шетелдіктерге 2 есе қымбат бағамен сатылады

Дизель отыны шетелдіктерге 2 есе қымбат бағамен сатылады

Дизель отыны шетелдіктерге 2 есе қымбат бағамен сатылады
ашық дереккөзі
50219
Қазақстан 22 тамыздан бастап дизельге енгізілген сараланған тариф күшіне енді деп хабарлады turkystan.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.  Энергетика министрлігі мұнай өнімдеріне шекті баға белгілеу туралы бұйрыққа осыдан екі апта бұрын қол қойған. Себебі арзан жағармайды сыртқа тасымалдайтындар көбейіп, ішкі тапшылық туындай бастаған еді. Енді бүгіннен бастап шетелдіктерге дизель тек 450 теңгеге саудаланады. Ал қазақстандықтар үшін 230-260 теңге сақталады. Дегенмен шектеу бар. Бір күнде 100 литрден көп жағармай алғыңыз келсе, қалғанына 450 теңге төлейтін боласыз. Сондықтан министрлік автожанармай құю станциясында сатылатын дизель отынының тәуліктік көлемін қадағалайды.

Серіктес жаңалықтары