Павлодарда қызды кірпішпен ұрған ер адам ұсталды

Павлодарда қызды кірпішпен ұрған ер адам ұсталды

Павлодарда қызды кірпішпен ұрған ер адам ұсталды
ашық дереккөзі
50192
Ол Павлодар қаласының 27 жастағы тұрғыны болып шықты деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. Павлодар облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, полиция қызметкерлері күдікті ретінде 27 жастағы ер адамды ұстаған.
Сотқа дейінгі өндірісті жүргізу барысында ер адамның қыздың ұялы телефонын тартып алғысы келгені анықталды. Тергеу қарақшылық шабуыл фактісі бойынша жүргізілуде. Күдікті Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов. 
Естеріңізге сала кетейік, 23 тамызда Павлодар қаласының орталық полиция бөліміне 20 жастағы павлодарлық қыз жүгінген болатын. Азаматша 21 тамызда сағат 01:10-да үйдің кіреберісінде кірпішпен шабуылдаған адамға қатысты шара қолдануды сұраған. Осыдан кейін жәбірленушінің кеш жүгінуіне қарамастан, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция күдіктінің жеке басын анықтады.

Серіктес жаңалықтары