Маңғыстаулық тұрғынның үйінен киік мүйіздері табылды

Маңғыстаулық тұрғынның үйінен киік мүйіздері табылды

Маңғыстаулық тұрғынның үйінен киік мүйіздері табылды
ашық дереккөзі
50205
18 тамыз күні Бейнеу ауылында киік дериватын заңсыз тасымалдады деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап. Жеке үйді тінту кезінде 198 киік мүйізі тәркіленді. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі іс қозғалды. Тергеу мүддесіне қатысты басқа мәліметтер жарияланбайды. Еске салайық, киіктерді заңсыз аулау немесе оның еті мен мүйізін тасымалдау болмайды. Бұл талапқа бағынбаған адам заңға сәйкес жазаланады. Яғни, мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілікке тартылады.  

Серіктес жаңалықтары