Балық аулау – байырғы кәсіп

Балық аулау – байырғы кәсіп

Балық аулау – байырғы кәсіп
ашық дереккөзі
51417
Балық аулау ісін байырғы кәсіп ретінде санайтын елдер әлемде бірен-саран. Көбі балық аулауды хоббиге теңеп, демалыс күн­дері өзен-көл маңына барып қармақ құра­ды. Ал бұл кәсіпке бар ғұмырын сарп етіп, маң­дай термен нәпақа тауып, ризық-несібесін арт­тырып жүргендер ол қармақты бұйым көр­мейді. Көл бетінде ұзыннан-ұзақ созылған сүзе­кіні тартып, балыққа ау тастайды. Адал та­быс табуды мақсат еткен оларға тулап-тол­қып, буырқанып жатқан теңіздің желі де тос­қауыл емес. Тіпті, қыстыгүні көлдің ба­сы­на қос тігіп, сүйменмен ойық ойып балық ау­л­айтын оларға өңменіңнен өтіп кететін суық та кедергі емес. Теңіздің тосын мінезімен бетпе-бет ке­луге мәжбүр адамдар Балқаш кө­­­лі­нің Жетісу облысына қарасты жа­ға­лауында орналасқан Көпбірлік ауылында да тұрады. Жалпы саны 175 үй түтінін тү­тетіп отырған бұл ауылдың байырғы да бас­ты кәсібі – балық шаруашылығы. Нә­па­­­қасын теңізден терген балықшылар ауы­­лының Көпбірлік деп аталуының өзін­дік тарихы бар. Кезінде коллективтендіру ке­зеңінде көл маңында құрылған 6 кол­хоз­ды біріктіріп, бірлігі жарасқан ауыл бол­сын деген ниетпен осылай атаған. Ауыл тұрғындарынан «Ауылдың бетке ұстар балықшысы деп кімді айтар едіңіз?» де­сеңіз, ауылға сіңген еңбегі мен сұрапыл со­ғыста көрсеткен ерлігі әлі күнге дейін ел ауызында жүрген Момыш Жұмашұлын айтады. Ерте жастан еңбекке араласқан бозбала Момыш Екінші дүниежүзілік со­ғысқа аттанған еріктілер қатарына қо­сылып, ел үшін аянбай күресіп, табан­ды­лық танытқан. Сосын ауылына аман-есен ора­лып, ерлігі ел ішіне таралып, қанша ұлық­талса да, қол қусырып жатпай, ата­сы­нан қалған кәсіп балық шаруа­шы­лығын қолға алған. Алдымен инженер, сосын 30 жыл бойы бригадир болып жол бастаған со­ғыс қаһарманы зейнетке шықса да ті­кесінен тік тұрып, күндіз-түні дамыл тап­пай жұмыс істегені осы күнге дейін ауыл тұрғындарының есінде. [caption id="attachment_193696" align="alignleft" width="281"] width= Момыш Жұмашұлы[/caption] «Ол кісі жасы 70-ке тақаса да жұмыс іс­теді. Соғыс ардагері ретінде қанша сый-сия­пат алды. Ерекше құрмет көрсетілді. Ле­нин орденін алды. Кеудесіне осындай не­ше рет орден тағылды. Сөйте тұра ма­саттанып, масайраған жоқ. Жарғақ құлағы жас­­тыққа тимеді. Нағыз еңбектің адамы бол­ды», – дейді ауыл әкімі Мақсат Көш­кін­байұлы. Әкесінің ізін жалғап, бала кезінен ата кәсіптің қыр-сырына қанық боп өскен Исағали Момышұлы балық ау­лау­ды 4-сынып оқып жүргенде бастағанын айтады. «Біз отбасында 3 ұл, 1 қыз тәрбиелендік. Ілияс көкем, Киікбай, Баян және мен. Одан бө­лек, әкем нағашы ағасының қызы Нұр­са­ғила мен Ілияс көкемнің үлкен қызы Ләй­ланы асырап, өз атына жаздыртты. Мен – үйдің кенжесімін. Әкеме еріп, он жа­сымнан бастап балық ауладым. Қазір айт­саң ел сенбейтін шығар. Бірақ біздің ауыл­дың балалары бұл кәсіпке ерте жас­тан араласады», – дейді Исағали аға. Жұмаш әулетінде бұл кәсіпті жал­ғыз өзі жалғастырған Исағали аға кезінде балық аулау дәстүрі басқа бол­ға­нын айтады. «Қазір ауылда балықшылар екеу-үшеу­ден бірігіп аулап, тапқан-тергенін бірден ауыл­дағы коммерсанттарға өткізеді. Ал біз­дің кезімізде олай емес-тін. Ауылда әр­қайсысында 8 адамнан құралған 14-ке жуық бригада жұмыс істеді. Әрқайсысына жол көрсетіп, жөн сілтейтін бригадирі бо­лады. Әкем Момыш сондай бригадир бол­ды. Таңғы төртте тұрып, теңізге кет­кен­нен кешкі тоғызда бір-ақ келеміз. Таң­нан кешке дейін теңіздің бетінде жүре­міз. Сүзекі тартамыз. Сосын түскен түсімді салып алып, арғы бетте орналасқан Қара­құм ауылына жол тартамыз. Ол ауыл­ға Бал­қаш қаласынан шығатын мотор келіп тоқ­тайды. Соған балық өткіземіз. Кейде олар ол ауылға кеш келеді. Ал біз балықты сол ауылдың жағасындағы [caption id="attachment_193697" align="alignnone" width="783"] width= Исағали Момышұлы жұбайымен[/caption] тоңазытқышқа тиеп, ауылға кері қайтамыз. Жағалауда Жол­жақсы ағаның жүк көлігіне топырлай мініп, түнге таман ауылға жетеміз», – дейді Исағали аға. «Ал ақшаны қалай алатын едіңіздер? Бри­гадир өзі есептеп, қолдарыңызға ұста­туы ша ма еді?» деген сұрағымызға «Бри­га­дирге колхоз басшысы жоспар береді. Ол сол жоспар бойынша жұмыс істеу ке­рек. Сол үшін ол арнайы табель жүргізеді. Ауыл­ға келген соң табельді бухгалтерге өт­кізіп, сосын ол әр балықшының та­бы­сын есептеп береді», – деп жауап берді. «Та­ғы бір айта кетерлігі, бұрын ауа райына қара­май-ақ көлге шығып кететінбіз. Ал қазір интернет орнатылғалы бері балық­шылар ауа райын тексеріп отырады. Ин­тернет істемей қалса, қаладағыларға «Ер­теңгі ауа райын біліп берші» деп хабар­ла­сады», – дейді кезінде балық аулаудың бас­қаша болғаны туралы әңгімесін жал­ғас­тырып. Исағали ағаның айтуынша, кезінде ауыл әйелдері де ерлеріне кө­мек­те­сіп, бұл кәсіпке араласқан. «Ауыл әйел­де­рі ерлері әкелген балықты тұздап, қақ­тап, 176 шақырым жерде орналасқан ау­дан орталығы Үштөбе қаласына апарып са­та­тын. Жолдасым Сембала да осылай ба­лық сатты. Таңғы автобусқа балық тиеп әке­тіп, сатып, түскен ақшаға азық-түлік алып, кешкі автобуспен қайтатын», – дейді. [caption id="attachment_193698" align="alignright" width="321"] width= Ұлы Мұратпен[/caption] Он жасынан бастап балық аулаудың бей­нетін көрген Исағали аға бү­гін­де зейнетте. Бұрынғыдай балық аула­ма­са да, ата кәсібін жалғастырып жүрген ба­­­лаларының балық аулайтын торын та­за­лап, жағдайын жасауға тырысады. Үлкен ұлы Мақсат Алматыда жұмыс істейді. Жал­ғыз қызы Гүлден ауыл азаматына тұр­мысқа шығып, үй шаруашылығымен айна­лысады. Ортаншы ұлы Мұрат ауылда же­дел жәрдем көлігінің жүргізушісі болып ең­бек етеді. Ал екінші ұлы Бағдат пен кен­жесі Ринат балық аулаумен айна­лы­сады. «Әлемнің әміршісі – еңбек. Тек ең­бек­пен ғана жеміс өнбек, тек еңбек қана бар қиындықты жеңбек» демекші, жас­тайы­нан су маржанын сүзіп, мехнатын сез­ген атасының, әкесінің тынбай еңбек етіп, табысқа кенелгенін көріп өскен ба­лаларының бұл кәсіпті жанына серік етуі түсінікті жайт. «Көпшілік білмеуі мүмкін. Бірақ Ба­лық­шылар мерекесін тойлау – Кеңес Ода­ғы кезінен қалыптасқан дәстүр. Бұрын шіл­де айының екінші демалысында Ба­лық­шылар мерекесі жоғары деңгейде той­­ланатын. Қазір де осы дәстүр сақтал­ған. Біз жақта шілде айының бірінші ап­тасы дүркірете тойланады. Биыл ауыл аза­маттары мен кәсіпкерлері бірігіп, жүл­де тігіп, бәйге ұйымдастырды. Тойханаға дас­тарқан жайып, тамақ берді. Сондай-ақ бұл күні еңбегі еленуге тиіс балықшыларды арнайы сахнаға шығарып, марапаттаймыз. Бұрын Балық министрлігі болған кезде Момыш ата секілді ардагерлерімізді марапаттау үшін арнайы адам жіберетін. Қа­зір аудан әкімі балықшыларды кәсіби мере­кесімен құттықтап, Құрмет грамотасы мен алғысхаттарды табыстайды. Биыл ау­дан­нан 15-ке жуық балықшы марапат ал­ды», – дейді ауыл әкімі Мақсат Көшкім­байұлы.

Әлия ТІЛЕУЖАНҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары