Жол үстіндегі теңдік. CTS оған қарсы. Неге?

Жол үстіндегі теңдік. CTS оған қарсы. Неге?

Жол үстіндегі теңдік. CTS оған қарсы. Неге?
ашық дереккөзі
50287
Елордада автобус жүретін жолмен жеңіл көліктер де жүре алуы мүмкін. Тек кептеліс қызып тұрған уақытта ғана ол жолды қоғамдық көліктер пайдаланады деп хабарлады turkystan.kz City Transportation Systems-ке сілтеме жасап. Орталықтың мәліметінше, мұндай қадамға баратын болсақ, қоғамдық көліктерді күту уақыты ұзарады. Оның үстіне қазір автобус жүргізушілері де тапшы. Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлікке арналған 27 аймақта осындай арнайы жолдар бар. Жалпы аумағы – 72,4 км. Дәл осы арнайы жолдың арқасында автобустарды күту уақыты тағы 10 минутқа қысқарған.
«Егер кептеліс жоқ болса, онда жеңіл көліктердің автобус жолымен жүруінің қажеті не?» – деді компания.
Аталған мәселе бойынша қала тұрғындары өздерінің ұсыныстарын жазып, әкімшіліктің сайтына жүктей алады.

Серіктес жаңалықтары