Атырауда 9 жастағы бала әкесімен бірге суға батып кетті

Атырауда 9 жастағы бала әкесімен бірге суға батып кетті

Атырауда 9 жастағы бала әкесімен бірге суға батып кетті
ашық дереккөзі
50392
Суға шомылуға барған әке мен бала Жайық өзеніне батып кетті деп хабарлады turkystan.kz Атырау облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қайғылы оқиға 25 тамыз күні болған. Сағат 16:08 шамасында Атырау облысы Полиция департаментінің кезекшісіне ер адам мен баланың Жайық өзеніне батып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Шақырту орнына келген құтқарушылар 27 жастағы ер адамды және оның 9 жастағы баласын іздестірген.
«Төтенше жағдай департаментінің күшімен сағат 16:35-те ер адамның, 18:44 шамасында баланың денесі табылып, судан шығарылды», – делінген хабарламада.
Марқұмдардың жабдықталмаған жерде суға шомылғаны анықталды. Іздестіру жұмыстарына Атырау облысы ТЖД-нің 4 қызметкері, 1 жүзу құралы, Атырау облысы Полиция департаментінің 10 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары