Павлодар қаласында бәйгеден ел чемпионаты өтеді

Павлодар қаласында бәйгеден ел чемпионаты өтеді

Павлодар қаласында бәйгеден ел чемпионаты өтеді
ашық дереккөзі
50311
Бұл туралы Павлодар қалалық денешынықтыру және спорт бөлімі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Жарысқа еліміздің әр өңірінен жүйріктер қатысады. Жүлделі болған тұлпарлардың бапкерлеріне қаржылай сыйлықтар беріледі. Сондай-ақ көрермендер арасында тегін ұтыс ойыны ойнатылады. Онда теледидар, телефондар, шаңсорғыш, смарт-сағат, мультиварка, планшет, велосипед және өзге де тұрмыстық техникалар ойнатылады», - делінген хабарламада.
Турнир үш қашықтық бойынша өтеді: 24 шақырымға аламан бәйге, 11 шақырымға құнан бәйге және 17 шақырымға топ бәйге. Басталуы – 3 қыркүйек, сағат 12.00-де «Құлагер» ипподромында. Көрермендер үшін кіру тегін.

Серіктес жаңалықтары