50224
Қазақстандықтар көп табыс табу үшін «конверттегі жалақыға» көнуге мәжбүр ме?
Қазақстандықтар көп табыс табу үшін «конверттегі жалақыға» көнуге мәжбүр ме?
Қолма-қол немесе банк қосымшасы арқылы аударым жасай салатын жалақы қазақстандықтарды медициналық сақтандырудан және болашақта зейнетақы қорына қатысты мәселеде кері әсерін беруі мүмкін.
Қазақстан жалақысын «ашық әрі таза» алатын 105 елдің ішінде 78-орынға тұрақтады. Numbeo сайтының статистикасы көрсеткендей, қазақстандықтар барлық алым-салымдарды қосқанда орта есеппен 188 мың теңге табады. Қолға көп мөлшерде жалақы алу үшін қызметкерлердің дені «конверттегі айлыққа» көнуге дайын. Бұл туралы turkystan.kz «31 арнаға» сілтеме жасап хабарлады.
Қаржы саласын зерттеуші Арман Бейсембаевтың айтуынша, адамдар "көлеңкелі нарықта" өмір сүруге мәжбүр. Егер бәрі заңнама бойынша болатын болса, онда сіз қызметкердің өзіне төлемнің төрт түрін төлеуіңіз керек. Сондай-ақ, жұмыс беруші қызметкер үшін бірдей соманы аударуға мәжбүр. Нәтижесінде, жалақы қорының жартысын салықтар мен шегерімдер «жеп қояды».
«Конверттегі жалақы» – Қазақстан экономикасында өте жиі кездесетін құбылыс. Қаржы маманы Меруерт Махмутованың айтуынша, көлеңкелі табыстың нарықтағы үлесі 50%-ға жетеді.
Қолма-қол жалақы төлеудегі басты қауіп – қазақстандықтар зейнетақы қорындағы жинақты дұрыс жинай алмайды. Жалпы, ресми статистика номиналды жалақы 312 мың теңге деп көрсеткен әрі сатып алушылардың төлем қабілеттері 9%-ға артқан.