Черчилльдің фотосы жоғалып кетті

Черчилльдің фотосы жоғалып кетті

Черчилльдің фотосы жоғалып кетті
ашық дереккөзі
50329
Ұлыбританияның бұрынғы көшбасшысы Уинстон Черчилльдің әлемдегі ең танымал фотосуреттерінің бірі Канаданың Оттавадағы Fairmont Chateau Laurier қонақүйінің қонақ бөлмесінен жоғалып кетті деп хабарлады turkystan.kz. Оттава қаласының орталығындағы қонақүйде жұмыс істейтін қызметкер өткен жұма күні бөлмеде ілулі тұрған портреттің 1998 жылы қабырғаға ілінген түпнұсқаға ұқсамайтынын байқап қалған. Белгісіз біреу түпнұсқа фотоның орнына көшірмесін алмастырған. Ол бұл фотоның фотограф Юсуф Карш түсірген бөлмедегі бес портреттен басқаша екенін өзгеше жақтауынан байқаған. 20-ғасырдың ең танымал фотографы Карш 1941 жылы Ұлыбританияның сол кездегі премьер-министрі Черчилльді Оттаваға келген кезінде темекісіз суретке түсірген. Кәсіби тексеруден кейін қонақүй фотосуреттің шынайы емес екенін растады. Оттава полициясы қазір портретті ұрлау фактісін тергеп жатыр. Айта кетейік, қонақүйде 15 түпнұсқа сурет бар. Оның алтауы Черчилльдің портреті бар залда орналасқан.

Серіктес жаңалықтары