Жетісайда қойма кассасынан 6 млн теңге жымқырған жігіт ұсталды (ВИДЕО)

Жетісайда қойма кассасынан 6 млн теңге жымқырған жігіт ұсталды (ВИДЕО)

Жетісайда қойма кассасынан 6 млн теңге жымқырған жігіт ұсталды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50343
Жетісайда қойма кассасынан 6 млн теңге жымқырған жігіт қамауға алынды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.  Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оның сусындар тұратын қоймасына белгісіз біреу кіріп, кассада тұрған 6 млн теңгесін ұрлап кеткен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алды. Хабар келіп түскен бойда тәртіп сақшылары жедел іске кірісті. Олар ұрлық қылмысын ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Көрген-білгендерден сұрастыру жұмыстарын жүргізіп, бейнебақылау камераларын қарап шықты. Нәтижесінде қылмысқа қатысы бар күдікті анықталды. Ол жұмыссыз, жергілікті тұрғын болып шыққан. Анықталғандай, күдікті бұрын сол жерде жүк тасушы болып жұмыс істеген. Сезікті сағат 16:00 шамасында қойма ішіне еркін кіріп, жұмысшылардың үйіне қайтқанын күтіп, 5 сағаттай жасырынып отырған. Жұмыс уақыты аяқталып, қоймадағылар үйлеріне тарқаған сәтте ешкімнің қалмағанына көз жеткізіп, арам ойын іске асырған. Яғни, сағат 21:30 шамасында қойманың терезесінен кассаға өтіп, 6 млн теңгені сөмкесіне салып, оқиға орнынан бойтасалаған. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Одан айғақты зат ретінде 1,5 млн теңге алынып, иесіне қайтарылды.

Серіктес жаңалықтары