Қосшы қаласында бір күнде екі адам жоғалды

Қосшы қаласында бір күнде екі адам жоғалды

Қосшы қаласында бір күнде екі адам жоғалды
ашық дереккөзі
50285
Бұл ақпарат instagram әлеуметтік желісіндегі qosshym_jomart парақшасында жарияланды деп хабарлады turkystan.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
«1990 жылдың 25 наурызда дүниеге  келген Эльфия  Фаткулинаның психикалық дамуы тежелген. Ол  бүгін сағат 16:45 шамасында Қосшы қаласы, Шырақ көшесі, 11-үй мекенжайындағы үйінен шығып кеткен», – деп жазылған бірінші хабарламада.
Сондай-ақ аталған қаладан 6 жасар бала жоғалды. Ата-анасы жұмыстан келген кезде ұлы Бекболат Әбунасыр Елубайұлы үйде болмай шыққан. Еріктілер Эльфия Фаткулина мен Бекболат Әбунасырды іздеу үшін «Аружан Плаза» мейрамханасының жанына жиналып, іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Кей деректерде Бекболат Әбунасырдың автобустан табылғаны айтылса, енді бірі 2016 жылы өмірге келген бала қаза тапты деген ақпарат таратып жатыр. Әзірге құзырлы орган өкілдері ресми ақпарат жариялаған жоқ.

Серіктес жаңалықтары