Қандай жағдайда ақталудың қажеті жоқ?

Қандай жағдайда ақталудың қажеті жоқ?

Қандай жағдайда ақталудың қажеті жоқ?
ашық дереккөзі
50353
Сіз өзіңіздің өмірлік жағдайыңызды ешкімге түсіндіруге міндетті емессіз. Сіз азаматтық некеде тұрып жатырсыз ба немесе бір пәтерден екінші пәтерге көшіп жүрсіз бе, әлде жасыңыз жиырмадан асса да ата-анаңызбен бірге тұрасыз ба – өз басыңыздағы оқиғаны біреуге түсіндірудің қажеті жоқ. Егер сіз өзіңіздің өмірлік жағдайыңыздан толық хабардар болсаңыз, демек, осылай өмір сүріп жатқаныңыздың себебі өзіңізге мәлім. Өмірлік приоритеттеріңізді ешкімге түсіндірудің қажеті жоқ. Өзіңіз де, жақындарыңыз да бақытты өмір сүру үшін не істеуге болатынын білсеңіз және ол туралы жеке көзқарастарыңыз болса, оны басқа біреуге түсіндіруге тырысып, талқыға салуға асықпаңыз. Біздің әрқайсымыз әртүрлі құндылықтарға, армандар мен ұмтылыстарға ие бірегей тұлға болғандықтан, бір адамның приоритеті басқадан ерекшеленетіні заңды нәрсе. Сіз өз приоритеттеріңізді өзіңіз анықтайсыз және ол туралы ешкімге есеп бермеуіңіз керек. Егер сіз кінәлі болмасаңыз, кешірім сұрауға тиісті емессіз. Егер сіз өз іс-әрекетіңізге өкінбейтін болсаңыз және біреудің кешірімін қажет етпесеңіз, жан-дүниеңіз қаламаса, кешірім сұрауға тиісті емессіз. Көп адамдар тезірек кешірім сұрап құтылуға тырысады. Шын жүректен шықты, шықпады ма ешкімді алаңдатпайды. Егер сіз өзіңізді кінәлі сезінбесеңіз, кешірім сұраудың қажеті жоқ. Жалғыз өткізген уақыт үшін ешкімнің алдында ақталуға тырыспаңыз. Кейбір адамдар «тәкаппар», «жабайы», «социопат» атанудан қорқып, кездесулерден, шақыртулардан бас тартуға ұялады. Өз-өзіңізбен жеке қалғыңыз келсе, жалғыздықта кітап оқығыңыз келсе немесе жай ғана тыныштықта демалуды қаласаңыз, ол үшін біреудің алдында ақталып, кешірім сұраудың қажеті жоқ. Шындығында, мұндай тайм-аут алу барлығымызға керек тәжірибе. Ешкімнің де жеке сенімдерімен, көзқарастарымен келісуге міндетті емессіз. Біреу сізге бар ынтасымен өз көзқарасын, пікірін айтып жатқанда, оған келісетініңізді білдіріп, бас шұлғи берудің керегі жоқ. Егер сіз ол адамның идеяларын бөліспесеңіз, өзіңізді де, басқаны да алдап, келісім білдіру әділетсіздік боп есептеледі.

Серіктес жаңалықтары