Бауырға зиян 7 тағам

Бауырға зиян 7 тағам

Бауырға зиян 7 тағам
ашық дереккөзі
52989
Бауыр – ас қорыту мен асты сіңіруге қатысатын ең үлкен без. Ал оның ең үлкен қызметі, бұл - ағзаға түскен ауыр, улы заттарды залалсыздандыру. Дәлірек айтсақ, ағзаға түскен қауіпті, пайдасы жоқ тағамдарды реттеуді қолға алатын мүше. Егер залалы мен зияны мол тағамды көп тұтынатын болсақ, мұның соңы бауырдың түрлі ауруға шалдығуына, істен шығуына әкеледі. Ендеше мұның алдын алу үшін мамандардың айтуымен, мына 7 түрлі тағамды тұтынуды тоқтату қажет. Ең алдымен, мамандардың айтуынша, қанты мол тағам тұтынуды доғару қажет. Әсіресе, газдалған сусынды. Оның құрамындағы химиялық заттар мен хош иістендіргіш, зиянды қоспа – мұның бәрі бауырға салмақ салады. Оның орнына кәдімгі ауыз су не қайнатылған шөп шай ішіңіз. Көкөніс ағзаға өте пайдалы. Бірақ жемісті байқап жеген жөн. Әсіресе, фруктоза (қанттың бір түрі) көп жемістерді азайтқан абзал. Бауырға тұз жақпайды. Тұзы мол тағамдарды азайту қажет. Әсіресе, бір қорап чипс не қытырлақты. Оның құрамындағы тұз бір күндік нормадан асып кетеді. Ішімдік бауырды езіп жібереді. Сондықтан алкоголь тектес ішімдіктің бәрін ішпеген жөн. Бауырға зиянды тағамдардың бірі – крекер тектес піспенан түрлері. Онда рафинадталған көміртегі мен қант көп болады. Шұжық пен майлы еттің орнына майы аз үйрек пен тауық етін жеген дұрыс деседі. Мамандар айтқан зиянды тағамның жетінші түрі – майлы, қуырылған тағам.

Серіктес жаңалықтары