Түркістан облысындағы «Жастар Рухы» волонтерлері Қостанайға барады

Түркістан облысындағы «Жастар Рухы» волонтерлері Қостанайға барады

Түркістан облысындағы «Жастар Рухы» волонтерлері Қостанайға барады
ашық дереккөзі
50208
Түркістан облысынан келген волонтерлер алғашқылардың бірі болып қалпына келтіру жұмыстарына қатысуға дайын екендіктерін білдірді. Белсенді Олжас Мамырдың айтуынша, Түркістан облысының жастары мұндай қиын жағдайдың халыққа қаншалықты ауыр екенін жақсы біледі.
«Біз Арыс пен Мақтааралдағы оқиғалардан кейін тұрғындарға көмектестік. Ол кезде еліміздің түкпір-түкпірінен еріктілер біздің облысқа келіп, қалпына келтіру жұмыстарына тікелей қатысты, қажетті өнімдерді жіберді. Түнде «Жастар рухымен» хабарласып, бірге екенімді жеткіздім және мені еріктілер қатарына қосуды сұрадым. Міне, таң ата салысымен еріктілермен алғашқы гуманитарлық көмекті жинауға кірістік. Алдағы уақытта Қостанай облысындағы өрт шалған орынға Оңтүстіктің аманатын жеткіземіз. Біз ел азаматтарымен біргеміз және ойланбастан Қостанай облысына жол тартамыз», - деп атап өтті Олжас Мамыр.
Қазіргі уақытта волонтерлер партия филиалдары жанынан ашылған гуманитарлық көмек жинау пункттерінде жұмысын жалғастыруда.

Серіктес жаңалықтары