Қаңтарда қақаған аяз күтілуде

Қаңтарда қақаған аяз күтілуде

Қаңтарда қақаған аяз күтілуде
ашық дереккөзі
222

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, қаңтар айында Қазақстанда үш рет күн қатты суытады. Қақаған аяз Рождество мерекелері қарсаңында (17-23 қаңтар) және айдың аяғында болады.

«Ұзақмерзімді болжамға сәйкес 17-23 қаңтарда, айдың аяғында ауа температурасы төмендейді. Солтүстікте түнде -30-35  аяз, күндіз 20…25 аяз; оңтүстікте түнде 20…25 аяз, күндіз 15…20 аяз болады», – делінген хабарламада.

Қызылорда, ОҚО, Жамбыл, Алматы облыстарында орташа айлық температура норма аясында болады деп күтілуде. Қалған аумақтарда 1°С нормадан жоғары.

Қызылорда, ОҚО-ның басым бөлігі, Жамбыл облыстарында айлық жауын-шашын мөлшері нормаға жуық, қалған аумақта нормадан артық болады деп күтілуде.

Атлантикалық циклондардың жиі өтуінен айдың басым бөлігінде жел 15-20 м/с-қа күшейіп, қар жауады, боран соғады. Оңтүстік өңірлерде жауын-шашын, тұман, көктайғақ болады.

Серіктес жаңалықтары