Президент қытайлықтардың қайғы-қасіреттеріне ортақтасты

Президент қытайлықтардың қайғы-қасіреттеріне ортақтасты

Президент қытайлықтардың қайғы-қасіреттеріне ортақтасты
ашық дереккөзі
50332
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлады turkystan.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге жолдаған жеделхатында Қасым-Жомарт Тоқаев Сычуань өлкесінде болған жер сілкінісі салдарынан көптеген азаматтың қаза тапқаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алғанын жазды.
«Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас Қытай халқына қайғыра көңіл айтамын. Табиғи апатта жараланғандардың тез арада сауығып кетуін және із-түзсіз жоғалғандардың отбасыларына аман-есен оралуын тілеймін», - деп жазылған Президенттің жеделхатында.
 

Серіктес жаңалықтары