«Шығын 2 млн теңге»: жайылымнан қой ұрлаған шетелдіктер ұсталды

«Шығын 2 млн теңге»: жайылымнан қой ұрлаған шетелдіктер ұсталды

«Шығын 2 млн теңге»: жайылымнан қой ұрлаған шетелдіктер ұсталды
ашық дереккөзі
50233
Қазығұрт ауданында екі шетелдік 2 млн теңгенің қойларын ұрлап кеткен деп хабарлады turkystan.kz. Жайылымнан мал ұрлаған шетелдік екі азамат қамауға алынды. Қазығұрт аудандық полиция бөліміне шағымданған шымкенттік тұрғынның айтуынша, жайылымдық жерден құны 70 000 теңге тұратын 27 бас қойын белгісіз біреулер ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 2 000 000 теңгеге жуық.
Аталған жайт ҚК-тің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша тіркеуге алынды. Жедел тексеріс жұмысы нәтижесінде, қылмысқа күдікті ретінде шетелдік екі ер адам ұсталды, - делінген хабарламада.
Олар Өзбекстан және Қырғыз Республикасының азаматтары болып шықты. Қазіргі таңда күдіктілер қамауға алынып, оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары