Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды (ВИДЕО)

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды (ВИДЕО)

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50270
Нұр-Сұлтан қаласында іздеуде жүрген ұйымдасқан қылмыстық топтың 3 мүшесі ұсталды деп хабарлады turkystan.kz Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Елорда Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қылмыстық топтың 3 қатысушысын ұстады.
Олардың Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі «Бұзақылық« бойынша қылмыстық қудалаудан жасырынып жүргені, Петропавл қаласында іздеуге жарияланғаны анықталды. Ұстау кезінде олардың травматикалық патрондармен оқталған «WALTHER», «ОСА» маркалы тапаншалармен қаруланғаны белгілі болды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары