Қазақстандағы «Сбербанктің» атауы «Береке банк» болып өзгереді

Қазақстандағы «Сбербанктің» атауы «Береке банк» болып өзгереді

Қазақстандағы «Сбербанктің» атауы «Береке банк» болып өзгереді
ашық дереккөзі
50593
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев Қазақстандағы «Сбербанктің» атауы «Береке банк» болып өзгеретінін мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы ол журналист Дмитрий Шишкинге берген сұхбатында айтты. Оның сөзінше, міндетті түрде ребрендинг болады. Ал меншік құқығын ауыстыру бойынша транзакция 1 қыркүйекте аяқталған.
«Жаңа банк «Береке банк» деп аталмақ. Бұл  -қазақтың бір-біріне тілейтін ең жақсы сөзі.  Сондықтан бұл банк бұған дейін көрсете білген құндылықтарды дамытып, өз міндеттемесін атқара береді және болашақта жұмысын жалғастырады деп үміттенемін», – деді ол.

Серіктес жаңалықтары