Елорда атауының қайта «Астана» болып өзгеруіне көпшіліктің пікірі қандай? (ВИДЕО)

Елорда атауының қайта «Астана» болып өзгеруіне көпшіліктің пікірі қандай? (ВИДЕО)

Елорда атауының қайта «Астана» болып өзгеруіне көпшіліктің пікірі қандай? (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50434

Халықтың басым бөлігі елорданың атауы қайта «Астана» болып өзгеруі мүмкін деген жаңалықты құптайды. Себебі, бұл атау халықтың әбден құлағына сіңіп қалған әрі үйреншікті атқа айналған деп хабарлады turkystan.kz Аstanatv.kz-ға сілтеме жасап. «Астана» атауын қайтару туралы халықтың пікірін сұрап көрген едік. Бірнешеуін тындап көрейік. БЛИЦ: - Бұрында «Астана» болып,  столица болғаннан кейін қойды ғой «Астана» деп атын. Сол үшін қалғаны дұрыс - «Астана» болып. - «Астана» дұрыс сияқты ғой енді. Жастарға да, былай көзімізде үйреніп қалды ма, Астана дегенге. Әлі де «Астана» деп айтамыз, «Нұр-Сұлтан» демейміз ғой. - Көзқарасым дұрыс, оны қайтару керек. Астана жарасады ғой. Адамның атынан болмайды ғой. Әдемі ғой, жақсы естіледі құлаққа. Нұр-Сұлтан дегеннен Астана деген дұрыс. - Халық қолдамаған нәрсені істеу дұрыс деп санамаймын. Сондықтан да Нұр-Сұлтанның атын Астана деп немесе қазақтың ескі аттарына ауыстыру, бұл түбегейлі дұрыс шешім деп қабылдаймын. - «Астана» деген атауға үйреніп қалған едік. Ал «Нұр-Сұлтан» деп өзгерткенде, мұны қабылдай алмадық. Бұрынғы атауына қайта оралғаны жақсы, әрине. Мен өз ортамда да әлі күнге дейін «Астана» деп айтып жүремін.

 

Серіктес жаңалықтары