Жамбыл облысында ана өлімі күрт артты

Жамбыл облысында ана өлімі күрт артты

Жамбыл облысында ана өлімі күрт артты
ашық дереккөзі
348
Мешін жылында Жамбыл облысының ана өлімі 2015 жылмен салыстырғанда 3 есеге артқан. Бұл дерек ана мен бала өлімін азайту бойынша штаб отырысында хабарланды. Ана мен бала денсаулығы бөлімі басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Құралай Саринаның айтуынша, 2016 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша ана өлімі 3 рет тіркелген. Ана өлімінің көрсеткіші 12,6%-ды құраған, бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 4,1%-ға өскен. Акушерліктегі қиын жағдай 3 есеге өскен. «Қиын жағдайларды сараптау кезінде акушерлікте бала босандыру ұйымдарынының бірінші басшылары тарапынан бақылаудың төмендегені, қиын жағдайды құлақтандыру сызбасының сақталмауы, жағдайды дұрыс бағаламау және басқа да бұзушылықтар қиын жағдайға әкеліп соқтырады. Осындай оқиғалар Сарысу, Қордай, Шу аудандарында, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында, №6 қалалық емханада, №2 қалаық ауруханада және Тараздағы облыстық ауруханаларында байқалды», — деп атап өтті Қ.Сарина. Отырыста аталып өткен бала өліміне тоқталатын болсақ, бұл көрсеткіш 2016 жылдың 11 айында облыс бойынша тірі туылған 1000 балаға шаққанда 8,8%-ды, ал 2015 жылы — 10,6%-ды құраған. Яғни, 17%-ға төмендеу байқалады. Бала өлімінің көрсеткіші бойынша Жамбыл өңірі ҚР тізімінде жетінші орынды алды. Бұл республикалық көрсеткіштен 0,3%-ға жоғары (ҚР — 8,5%, Жамбыл облысы — 8,8%)

Серіктес жаңалықтары