Көкшетаулық қызметкер 240 аккумуляторды заңсыз сатып жіберген

Көкшетаулық қызметкер 240 аккумуляторды заңсыз сатып жіберген

Көкшетаулық қызметкер 240  аккумуляторды заңсыз сатып жіберген
ашық дереккөзі
50243
Көкшетауда кәсіпорын қызметкері 240 аккумуляторды заңсыз сатып жіберген деп хабарлады turkystan.kz  Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 14 қыркүйек Көкшетау қалалық Полиция басқармасына ірі өнеркәсіптік кәсіпорын басшысынан өтініш келіп түскен. Оның айтуынша, компанияның қоймашысы жалпы сомасы 14 миллион теңгеден астам аккумуляторлық батареяларды ысырап еткен. 2021 жылдың маусым айынан бастап осы жылдың маусым айына дейінгі кезеңде кәсіпорында 240 аккумулятор жетіспейтіні анықталды. Аталған фактіге сәйкес тергеушілер ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Тергеу шеңберінде қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. 67 жастағы қоймашыға қатысты процессуалдық мәжбүрлеу шарасы – келу міндеттемесі таңдалды.

Серіктес жаңалықтары