50267
Ақтау соты жедел жәрдем қызметкерлерін жұмыстан шығару туралы шешім шығарды
Ақтау соты жедел жәрдем қызметкерлерін жұмыстан шығару туралы шешім шығарды
Маңғыстау облысында онға жуық жедел жәрдем қызметкерлері жұмыстан шығуы мүмкін деп хабарлады turkystan.kz.
Жұмыс сапасын талап еткен жедел жәрдем қызметкерлері апта бойы жұмысқа шықпаған. Алайда Ақтау соты фельдшерлер мен көлік жүргізушілердің митингісін заңсыз деп танып, жұмыстан шығару туралы шешім шығарған.
Митингке шыққандар жалақы көтеруді, әлеуметтік пактер мен штаттағы фельдшерлер санын арттыруды және жедел жәрдем бригадасын ұлғайтуды талап еткен. Апта бойы талап етуші тарапқа бұл әрекеттерін тоқтатуды, жұмысқа шығуды түрлі жолдармен ұсынған: қорқыту, қысым көрсету. Маңғыстау облысының үш станциясындағы қызметкерлер кезекшіліктеріне шықпаған. Осы себепті басшылық сотқа жүгінген. Сот мән-жайды қарастырып, аталған қарсылықты заңсыз деп танып әрі митингтен бұрын басшылыққа ресми түрде хат жолдамағандары үшін жұмыстан шығара беруге болады деген шешім шығарған.