«Кез келген ауқымды бағдарламаны жүзеге асыру үшін 7 жыл жеткілікті» – Қанат Төсекбаев

«Кез келген ауқымды бағдарламаны жүзеге асыру үшін 7 жыл жеткілікті» – Қанат Төсекбаев

«Кез келген ауқымды бағдарламаны жүзеге асыру үшін 7 жыл жеткілікті» – Қанат Төсекбаев
ашық дереккөзі
50197
«AMANAT» партиясы жанындағы Білім беру және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің мүшесі Қанат Төсекбаев Мемлекет басшысының жалпы саяси реформаларына қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz. Оның айтуынша, президенттік мандаттың бір мерзіммен шектелуі Мемлекет басшысының ұлттық дамудың стратегиялық міндеттерін шешуге барынша назар аударуын қамтамасыз етеді.
«1 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында кезектен тыс президенттік сайлауды осы жылдың күзінде өткізуді ұсынды. Бұған дейін келесі президенттік сайлау 2024 жылы, Парламент сайлауы 2025 жылы өтуі тиіс болатын. Мемлекет басшысы кезектен тыс сайлауды «мемлекет мүддесі» деп түсіндірді және ол өзінің өкілеттілік мерзімі қысқарғанымен, мерзімінен бұрын президенттік сайлауға баруға дайын. Бұл ретте Тоқаев президенттік мерзімін қайта сайлану құқығынсыз 7 жылға белгілеуді ұсынды. Кез келген ауқымды бағдарламаны жүзеге асыру үшін бұл уақыт жеткілікті деп ойлаймын», - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары