Головкин DAZN ұйымымен келісімшартын бұзатынын мәлімдеді

Головкин DAZN ұйымымен келісімшартын бұзатынын мәлімдеді

Головкин DAZN ұйымымен келісімшартын бұзатынын мәлімдеді
ашық дереккөзі
50166
Boxingscene.com журналисі Кит Айдек Геннадий Головкиннің DAZN стриминг қызметімен келісімшартын мерзімінен бұрын бұзатынын айтты деп хабарлады turkystan.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап. 18 қыркүйек күні таңертең Геннадий Головкин екінші орта салмақта абсолютті чемпион атағы үшін Сауль «Канело» Альвареспен үшінші рет жұдырықтасады. Бұл жекпе-жек GGG үшін DAZN-мен келісім бойынша бесінші және соңғы жекпе-жек болады.
«Оның спорттық мансабы сенбі күнгі жекпе-жекпен кейін аяқталмайды. Головкин DAZN-мен эксклюзивті келісімшарты Альвареспен өтетін үшінші жекпе-жектен кейін тоқтатылатынын айтты. Головкин DAZN ұйымымен 2019 жылдың наурыз айында алты жекпе-жекке келісім жасайтындығын жариялады. Ол үшін Г. Головкинге 100 миллионнан астам АҚШ доллары төленуі керек еді», - делінген хабарламада.
Бұған дейін қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек Лас-Вегаста өтетіні хабарланған болатын. Ол 18 қыркүйекте Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 05:00-ге жоспарланған, басты жекпе-жек 08:00-ден кейін басталады. Боксшылардың жұдырық түйістіргенін Qazsport және Qazaqstan телеарналарынан тамашалауға болады.

Серіктес жаңалықтары