Жаңа iPhone 14 алу үшін қанша күн жұмыс істеу керек?

Жаңа iPhone 14 алу үшін қанша күн жұмыс істеу керек?

Жаңа iPhone 14 алу үшін қанша күн жұмыс істеу керек?
ашық дереккөзі
1841

Жақында Apple компаниясының жаңа өнімдерінің таныстырылымы өтті. Смартфондар, соның ішінде IPhone 14, 14 Max, 14 Pro және 14 Pro Max 16 қыркүйектен бастап сатыла бастады, ал 7 қазанда IPhone 14 Plus сатылымға шықпақ.

Әдетте, Apple өнімдері елімізге екі аптадан соң келеді, яғни iPhone 14-ті шамамен қазан айының басында дүкен сөрелерінен көреміз.

14-тер несімен ерекшеленеді?

Бұл жолғы iPhone 14 смартфондарының процессорында өзгеріс жоқ, дегенмен дисплейі мен камерасы жаңарған. Ал iPhone 14 PRO-да жаңа буын а-16 ядролы процессор бар. АҚШ-та әр смартфон спутникпен байланыс орната алады. Сонымен қатар, бұл жолы смартфон қазақша "сөйлейтін" болады.

Қанша тұрады?

АҚШ-та iPhone 14 моделі – $799, iPhone 14 Plus – $899, IPhone 14 Pro – $999, IPhone 14 Pro Max $1 099 тұрады. Бұл – ресми баға. Әрине, біздегі баға бұдан өзгеше, болжам бойынша бірнеше есе жоғары болуы мүмкін. Тіпті, смартфондар сатылымға шыққан соң алғашқы апталарда iPhone 14-тің бағасы миллион теңгеден асып кетуі мүмкін деген болжам бар. Қазірдің өзінде сондай бағаны интернеттегі жарнамалардан байқауға болады. Ал Ресейде параллель импорт бойынша жеткізілетін смартфон 250 мың рубльге дейін (1,8 миллион теңге) бағаланған.

Жаңа смартфон алу үшін қанша күн жұмыс істеу керек?

Picodi.com командасы кезекті iPhone индексін жариялады. Бұл – жады 128 ГБ iPhone 14 Pro сатып алу үшін қанша күн жұмыс істеу керек болатынын есептеу арқылы жасалатын әлем елдерінің рейтингі. Оны есептеу үшін смартфонның ресми бағасы ($999) әлемнің әртүрлі елдеріндегі жалақымен салыстырылады.

Рейтингідегі мәліметтерге сүйенсек, Швейцарияда iPhone 14 Pro алу үшін 4,6 күн ғана жұмыс істеу жеткілікті. Америкалықтар 5,7 күн, ал аустралиялықтар 6,1 күн жұмыс істеуі керек. Түркияда жаңа Apple флагманын сатып алу үшін 146,7 күн жұмыс істеуге тура келеді екен. Ал Филиппин мен Бразилияда 90,9 және 74,2 күнгі жалақыны жинау керек. Ал Ресейде 39,7 күндік жалақыға жаңа смартфон аласыз.

[caption id="attachment_196882" align="alignnone" width="1125"] width= picodi.com[/caption]

Рейтингтегі мемлекеттер арасында Қазақстан жоқ. Дегенмен, нақты мәліметтерге сүйеніп, есептеп көрейік.

Ұлттық статистика бюросының 9 тамыздағы мәліметінде еліміздегі орташа жалақы 312 011 теңге деп көрсетілген. Жаңа iPhone 14 Pro бағасы $999 доллар, шамамен 473 706 теңге (18 қыркүйектегі есептеу бойынша) деп алатын болсақ, 45 күн шығады. Рейтингідегі елдермен салыстырар болсақ, бұл – орташадан да төмен көрсеткіш саналады.

Ал медианалық жалақы арқылы (196 728 теңге) есептейтін болсақ, жаңа смартфон алу үшін 72 күндік жалақыны ештеңеге жұмсамай жинау керек. Одан бөлек, жаңа құрылғының бағасы елімізде ресми бағадан бірнеше есе қымбат болуы мүмкін екенін тағы ескеру қажет.

Былтыр iPhone индексі 62,8 күн, 2020 жылы 74,6 күн, 2019 және 2018 жылдары 76,5 және 86 күн болған еді.

Серіктес жаңалықтары