50245
Ердоған Анкараның ЕО алдында есеп бермейтінін айтты
Ердоған Анкараның ЕО алдында есеп бермейтінін айтты
Анкара Самарқандта өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысқаны үшін Еуроодақ алдында есеп бермейді. Бұл туралы 20 қыркүйекте Түркия президенті Режеп Ердоған айтты деп хабарлады turkystan.kz 1news.az басылымына сілтеме жасап.
«Еуроодақ бізді 52 жыл күттіріп келеді, өздеріне жақындауға жол бермейді де, содан кейін келіп, «ол неге бұл елмен кездеседі, басқамен неге кездесті?» деп сұрайды. Мен келіссөздер жүргізетін боламын. Келіссөздерді жүргізе отырып, біз дәл қазір ЕО-ға есеп бермейтінімді айтқым келеді. Біз бүкіл әлем елдерімен кездесеміз. Мен Си мырзамен, Путинмен, Моди мырзамен жолығамын. Мен барлық елмен кездесу жасаймын, себебі біз осы әлемнің бір бөлшегіміз», – деді Ердоған PBS телеарнасына берген сұхбатында.