Саясаттанушы мемлекеттік мүдде тұрғысынан тиімді бағыттарды атады

Саясаттанушы мемлекеттік мүдде тұрғысынан тиімді бағыттарды атады

Саясаттанушы мемлекеттік мүдде тұрғысынан тиімді бағыттарды атады
ашық дереккөзі
50264
Саясаттанушы Бауыржан Серікбаев Президенттің Нью-Йорктегі сапары кезінде 400-ден астам әлемнің жетекші IT компанияларында жұмыс істеп жатқан отандастарымызды біріктіретін Digital IT Nomads қауымдастығы өкілдерімен кездесуі жайлы пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz.
«Әлемнің даму болашағы IT саласында. Қарапайым қолымыздағы смартфондардан бастап планшет, ноутбук, компьютер, ракета, спутник, марсоходтар мен 4G, 5G технологияларының дамуына дейін IT саласына байланысты. Әлемде ең жалақысы жоғары мамандық та осы сала» деп жазды Б.Серікбаев.
Оның пайымдауынша, кейінгі уақыттарда геосаяси жағдай турбулентті кезеңнен өтіп жатыр.
«Қырғыз бен тәжік арасындағы шекара дауы, Қарақалпақ жеріндегі ушыққан мәселелер, ұзаққа созылатын соғыс, санкциялар әсеріндегі халықаралық экономиканың жағдайы асқынып тұр.  Қазақстанға Қытай басшысының пандемия басталғалы шетелге жасаған бірінші сапары, әлемдік дәстүрлі діндердің съезі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Самарқандта өткен кездесуге қатысуы, бүгін міне, Нью-Йорк қаласында БҰҰ-да сөз сөйлеуі - осының бәрі мемлекеттік мүдде тұрғысынан тиімді сыртқы бағыттың көріністері. Қазақстан -  тәуелсіздік жылдары барлық шекарасын көршілерімен делимитация жасап үлгерген бірден-бір ел. Бұл да тәуелсіздігіміз бен тыныштығымыздың бір кепілі», - деді саясаттанушы.

Серіктес жаңалықтары