Қостанай облысында жол апатынан ер адам қаза тапты

Қостанай облысында жол апатынан ер адам қаза тапты

Қостанай облысында жол апатынан ер адам қаза тапты
ашық дереккөзі
50200
Оқиға 20 қыркүйек, сағат 7:40-та болған деп хабарлады turkystan.kz.
«Қостанай - Әулиекөл - Сұрған тас жолында ВАЗ-2107 автокөлігін басқарған 39 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Соның салдарынан 42 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Skoda автокөлігімен соқтығысқан. ВАЗ-2107 жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды», - деп жазылған polisia.kz таратқан хабарламада.
Сондай-ақ екі жолаушы және Skoda көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары