Халықтың қанша пайызы қазақша біледі?

Халықтың қанша пайызы қазақша біледі?

Халықтың қанша пайызы қазақша біледі?
ашық дереккөзі
4232

33 жыл бұрын, 1989 жылы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңы қабылданды. Жалпы тіл мәселесі әлі күнге дейін өзекті мәселе мінберінен түскен емес, дегенмен ресми деректер қазақ тілінің қолданыс аясы біршама кеңейген деген мәлімет береді. Сандарды сөйлетіп көрейік.

Халықтың 80 пайызы қазақша біледі

Ресми мәліметтерде 1991 жылы елімізде қазақша сөйлейтін халықтың үлесі 37 пайызболған деп көрсетілген. 2015 жылы бұл көрсеткіш 76,3 пайызға өссе, 2016 жылдың соңына дейін 82,3 пайызға жеткен. Ал 2021 жылғы халық санағының алдын ала мәліметтеріне сүйенсек, қазір қазақша білетін ел халқының үлесі – 80,1 пайыз.

Өзге ұлттардың тілді меңгеру деңгейі қандай?

Өзге ұлт өкілдері ішінде елде тұратын өзбектердің 72 пайызы, ұйғырлардың 71,7 пайызы, тәжіктердің 63,6 пайызы қазақ тілін біледі екен. Сонымен қатар еліміздегі әрбір төртінші неміс (25,2 пайыз), орыс (25,1 пайыз) және украин (23,7 пайыз) қазақ тілін меңгерген. Жалпы еліміздегі халықтың 15,9 пайызының ана тілі – орыс тілі, 3,2 пайызының ана тілі – өзбек тілі, 1,4 пайызының ана тілі – ұйғыр тілі деген мәлімет бар.

 width= Қазақша сөйлейтіндердің үлесі қанша?

Қазақша білетіндер үлесі 80 пайыздан асқанымен, күнделікті өмірде қазақ тілін қолданатындар үлесі 49,3 пайыз екен. Қоғамдық саясат институты зерттеуінің мәліметінде әрбір үшінші қазақстандық қазақ тілінде және орыс тілінде қатар ақпарат алатыны айтылады.  Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі келтірген деректерге сүйенсек, БАҚ саласындағы қазақтілді онлайн-контенттің үлесі – 78 пайыз, оның ішінде мерзімді басылымдардың үлесі – 84,5 пайыз, телеарналар – 79,2 пайыз, интернет-ресурстар 59,8 пайыз екен. Сонымен қатар эфирге 11 тілде, оның ішінде украин, поляк, неміс, корей, ұйғыр, түрік және дүнген тілдерінде хабарлар шығады. Жалпы білім беретін мектептердің 51,2 пайызы тек қазақ тілінде, 31,2 пайызы қазақ және орыс тілдерінде, 17,2 пайызы орыс тілінде білім береді. Мемлекеттік бағдарлама бойынша оқулықтар алты тілде: қазақ, орыс, ұйғыр, өзбек, түрік және неміс тілдерінде шығарылады. Шет тілдері барлық мектептерде оқытылады. Ал биыл мектеп табалдырығын аттаған бірінші сынып оқушыларының 70 пайызы қазақша білім алуды таңдапты.

Серіктес жаңалықтары