Қытай шетелдік футболшыларды сатып алуға тосқауыл қоймақ

Қытай шетелдік футболшыларды сатып алуға тосқауыл қоймақ

Қытай шетелдік футболшыларды сатып алуға тосқауыл қоймақ
ашық дереккөзі
320
Қытайда шетелден легоионерлер шақыртатын футбол клубтары қатаң жазаланады, деп хабарлайды sports.sohu.com сайтына сілтеме жасаған ҚазАқпарат. Ақпарат көзінің хабарлауынша, енді жергілікті спорт және дене шынықтыру басқармасы футбол клубтарының трансферлік шығынына және легионерлердің жалақысына шектеу қойып, олардың орынына өз елдерінің спортшыларын тартпақ. Аталған сайтта «Біз футболшыларды өте қымбат бағаға сатып алғуға шектеу қоямыз. Алдағы уақытта бұндай бассыздық болмайды. Қытайдың футбол клубтарында өз өрендеріміз ойнауы тиіс. Шетелден өте қомақты қаржыға легионер шақырғанша өзіміздің 21-23 жас аралығындағы жастарымызды ойынға тартуымыз керек. Өзге елдің футболшыларын сатып алатын ақшаны өз баркерлеріміздің біліктілігін арттыруға жұмсаймыз», - деп жазған Қытай билігі. Жақында қытайдың Суперлигасына шыққан «Тяньцзинь Цюаньцзянь» клубы испаниялық шабуылшы Диего Коста үшін «Челсиге» ұсыныс жасаған болатын. Егер ұсыныс қабылданған жағдайда Қытай клубы оған 80 миллион еуро төлеуге дайын екендігін жеткізген. Айта кетейік, «Тяньцзинь Цюаньцзянь» командасын әйгілі итальян қорғаушысы Фабио Каннаваро жаттықтырады. Бүгінде Қытай командасының сапында Халк, Оскар, Эсекьель Лавесси, Рамирес, Джексон Мартинес, Жервиньо секілді танымал футболшылар ойнайды.

Серіктес жаңалықтары