«Жаңбыр балалары»: Аутизммен ауыратын балалардың ерекшеліктері

«Жаңбыр балалары»: Аутизммен ауыратын балалардың ерекшеліктері

«Жаңбыр балалары»: Аутизммен ауыратын балалардың ерекшеліктері
ашық дереккөзі
51437
Билл Гейтс, Исаак Ньютон, Альберт Эйнштейн. Бұл тұлғалардың атын естігенде бірден данышпан адамның бейнесі көз алдымызға келеді. Әрқайсысы тарихта өзіндік із қалдырған жандар. Бірақ бірі білсе, бірі білмес, бұл жандарды тарихтан өзге, ортақ дерт те байланыстырады. Ол дерттің атауы – аутизм. Аутизм – аутистикалық спектрдің бұзылысы (ASD). Бұл - адамның мінез-құлқына, әлеуметтік дағдыларына және тіліне әсер ететін патология. Статистикаға сүйенсек, қазіргі таңда әрбір 50 баланың 1-еуінде аутизм кездеседі екен. Аутизмнің себебі мен салдары туралы балалар неврологы Лаура Исаева turkystan.kz сайтына берген сұхбатында түсіндірді. [caption id="attachment_197893" align="alignnone" width="1205"] width= Фото:logopedagogika.ru[/caption] «Аутизм туралы кең таралған миф, бұл -  психикалық ауру. Аутизммен ауыратын кейбір адамдарда психикалық проблемалар туындауы мүмкін. Десе де, бұл аурудың өзі емес. Аутизм, бұл - мидың жұмысына әсер етіп, баланың дамуының кешеуілдеуін тудыратын жүйке ауруы», – деді Лаура Исаева. Балалар неврологының айтуынша, дерттің нақты себебі әлі күнге дейін жұмбақ болып, ғылыми ортада үлкен пікірталас тудыруда. [caption id="attachment_197891" align="alignnone" width="1205"] width= Фото:syrlasu.kz[/caption] «Көп ғалымдар мен зерттеушілер аутизмнің нақты бір себебі жоқ және мүмкін, бұл маңызды факторлар мен қоздырғыштардың жиынтығы деген тұжырымға келді. Түрлі зерттеулер генетика мен аутизм арасындағы маңызды байланысты атап өтті. Жақында жасалған зерттеуде аутизмнің шамамен 83 пайызы генетикаға байланысты екенін анықтады», – деді дәрігер. Лаура Исаева ASD дамуына ықпал ететін ықтимал қауіпті факторларды атады:
  • Аутизммен ауыратын жақын отбасы мүшесінің болуы
  • Генетикалық мутациялар
  • Сынғыш Х хромасома синдромы және басқа генетикалық бұзылыстары
  • Жасы үлкен ата-анадан туған балалар
  • Салмағы аз балалар
  • Метаболикалық баланстың бұзылысы
  • Ауыр металдар мен қоршаған орта токсиндерінің әсері
  • Анамнезінде вирустық инфекциялар
  • Вальпрой қышқылы (Депакин) немесе талидомидолдың (Таломид) ұрыққа әсер етуі (анасы жүкті кезінде осы дәрілерді қабылдауы)
Оның айтуынша, бұл аутизмнің себептері емес, аутизм даму қаупін арттыратын факторлар екенін түсіну маңызды.  width= Ерте диагностика мен емдеу кейбір симптомдарды жақсартуға және аутизммен ауыратын көптеген ересектерге өздігінен өмір сүруге мүмкіндік береді екен. Дәрігер аутизмнің басты үш сипаттамасына тоқталды: Әлеуметтік және коммуникациялық бұзылулар Аутизммен ауыратын балалар басқа балалармен қарым-қатынас жасауда қиындықтарға тап болады: олар көзге тіке (зрительный контакт) қарамайды, басқалармен ойнай алмайды, дене тілін (язык тела) түсінбейді, сұрақтарға және / немесе мәлімдемелерге дұрыс жауап бере алмайды. Сөйлеу бұзылыстары Аутизммен ауыратын балалар вербальды (сөз арқылы қатынасу) немесе вербальды емес (сөзден басқа қатынасу құралдары: мимика, жесттер және т.б) проблемалары болуы мүмкін. Екі жағдайда да қабылдау (ақпарат алу) және тіл арқылы экспрессия (сезімдерін білдіру) қиындауы мүмкін. – Қызығушылықтар мен шектелген әрекеттердің қайталанулары және стереотипті мінез-құлық. Аутизмі бар балалар қайталанатын қимылдар көрсетеді, белгілі бір сөздер мен сөз тіркестерін қайталай алады, белгілі бір дыбыстық үлгілерді шығарады, әдеттегі тәртіпті сақтай алады және ерекше фиксацияға ие болады. Аутизмнің диагнозын сенсорлық интеграцияның бұзылыстары деңгейі арқылы анықтайды. Яғни сезім мүшелерінен (тері, есту, көру, бұлшықет-буын, вестибулярлық аппарат, дәм сезу) келген ақпараттарды дұрыс қабылдай алмайды және өңдей алмайды. Аутизмнің алғашқы белгілері нәресте 3 айынан бастап көріне бастайды.  width=Ата-аналар неге мән беру керек?
  • Бір жасқа дейінгі кезең – баланың анасымен тығыз эмоционалды байланыс құратын кезі.
  • Емізу процесіне аса мән беру керек. Қалыпты жағдайда нәресте тойғанын білдіреді және риза болып жатады.
  • РАС бар балалар тойғанын әлсіз немесе нашар білдіреді.
  • Бала анасының қолында болған кездегі реакциясына мән беру керек.
  • Көбінесе емізгенде және тербеткенде, анасына да баласына да ыңғайлы позаны табу қиын деп жатады.
Бала өскен сайын сыртқы ортамен тығыз байланыс жасай бастайды. Балалар неврологының айтуынша, бұл уақытта сыртқы тітіркендіргіштерге реакцияларын бақылау маңызды.
  1. Кері әрекет (жарықты өшіріп, үстел шамын қосқан кезде балада паника болуы мүмкін)
  2. Тұрмыстық техника дауысынан қорқу (шаңсорғыш, шәйнек, шап кептіргіш, кір жуу машинасы);
  3. Тітіркендіргішке кері реакция (бала құлап қалса реакция бермейді, жыламайды).
  4. Күлімдеу – оның уақтылы пайда болуы баланың дұрыс дамып келе жатқанын білдіреді (5-12 аптада). Аутизмі бар нәресте де уақытында күліп бастауы мүмкін, бірақ бұл басқа күлкі. Туыстарына емес, белгілі бір сенсорлық сезімдерге күледі (жарыққа, кытықтағанда, т.б).
[caption id="attachment_197889" align="alignnone" width="1204"] width= Фото:blog.primaryleap.co.uk[/caption] «Тағы бір белгі - құшақтағанды ұнатпайды. Аутизмнің басты критерилерінің бірі – бала өз атына қарамайды. Кейде қарайды немесе мүлдем қарамайды. Нәресте ерте бастан анасының көзіне қарап, контакт іздей бастайды. Дәл осы көзге қарау – коммуникацияның басқа формаларының негізі», – деді Лаура Исаева. Аутизмнің салдары өте ауыр дейді дәрігер. Балаға коррекция жүргізілмеген жағдайда, бала өз әлемінде жүреді. Қызығушылығы шектелген, түсіну және сөйлеу қабілеті болмайды. Ақыл ойы артта қалады. Бала өзіне төніп тұрған қауіпті де түсінбейді. Көптеген дұрыс емес мінез-құлықтар көрсетеді. Өзін-өзі ұру, өзгелерді ұру, есейгенде өзіне де, қоршаған ортасына да қауіп төндіруі мүмкін. «Аутизм емінің негізін коррекция құрайды. Яғни түзету жұмыстары жүргізіледі. Неғұрлым ерте басталса, соғұрлым нәтижелі болады. АВА терапия деген болады. Америкада және дамыған елдерде АВА терапия аутизмді коррекциялау әдісі болып ресми түрде белгіленген. Терапия сағаттары аутизммен ауыратын балалардың страховкасына енгізілген. Яғни АВА терапияны балалар тегін алады», – деді дәрігер. АВА терапиясының мақсаты, негізінен, адамның қажеттіліктеріне сүйенеді. Аутизм жағдайында баланың айналасындағы оқиғаларға реакциясын жақсарту, оқу жылдамдығын жеделдету, мектепке көп көңіл бөлу және баланың тамақтану, жуыну, киіну және т.с.с сияқты жеке тапсырмаларды өз бетінше орындай алу қабілетін арттыруға бағытталған.

Серіктес жаңалықтары