Төреғали Төреәлі жанжал себебін түсіндірді

Төреғали Төреәлі жанжал себебін түсіндірді

Төреғали Төреәлі жанжал себебін түсіндірді
ашық дереккөзі
50419
Бейнебаянның түсіріліміне кедергі жасады. Алматы облысының Талғар ауданында тергеу абақтысында отырған әнші Төреғали Төреәлі Ұлттық паркте белгісіз адамды ұруының себебін осылай түсіндірді деп хабарлады turkystan.kz Рolisia.kz-ке сілтеме жасап. «Уақытша ұстау изоляторында отырған Төреғали Төреәлі Көлсайда болған жағдай бойынша өз нұсқасын айтты. Оның сөзінше, жанжал жаңа клиптің түсірілімі барысында шыққан. Жәбірленуші олардан көзін алмай, жұмысына кедергі келтірген. Өзара ерегіс соңы әншінің жұдырық жұмсауымен аяқталған. Сондай-ақ әлеуметтік желіге тараған видеодан әртістің балағат сөздер айтқанын аңғаруға болады. Аталған құқықбұзушылық ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша тіркелгенін еске салайық», - делінген полиция мәліметінде. Еске салайық, оқиға 28 қыркүйекте Алматы облысы Кеген ауданындағы Ұлттық парк аумағында болды. Әлеуметтік желіде белгісіз жігіт Төреғали Төреәлі оның қабағын жарып, жұдырықтағанын жеткізген еді. Қылмыстық іс Сотқа дейінгі тергеп тексеру тізілімінде тіркелді. Бүгін әнші тергеу абақтысына қамауға алынды.

Серіктес жаңалықтары