Республика күні: жаңғырған мейрам және әлемдік үрдіс

Республика күні: жаңғырған мейрам және әлемдік үрдіс

Республика күні: жаңғырған мейрам және әлемдік үрдіс
ашық дереккөзі
4539

Жақында өткен алғашқы ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы «Республика күні» мейрамын қайта жаңғыртып, ұлттық мереке деңгейінде тойлау туралы мәлімдеген еді. 

Бұл мереке әдетте елдің мемлекеттігі  жарияланған күні немесе республиканың ажырамас атрибуты – ел Конституциясы қабылданған күні тойланатын басты мереке саналады. Естеріңізде болса, бұл мейрам біздің елде 2009 жылға дейін 25 қазанда тойланып келген болатын.

25 қазанда қандай оқиға болды?

1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қаз ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Бұл құжат қабылданған соң мемлекеттік бюджет, халықаралық қатынастардағы дербестік, мемлекеттік рәміздеріміз бекітілді. Бірақ бұл құжат еліміздің  Кеңес Одағы құрамынан толық шығады дегенді білдірмеді, әйтсе де, декларация еліміздің тәуелсіздігіне жасалған алғашқы нық қадам болды.

Солайша, Республика күнін тойлау үрдісі 1992 жылдан басталды. Алайда мейрам мемлекеттік мерекелер тізіміне тек 2001 жылы ғана ресми түрдеенген еді. 2001 жылғы 13 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» №267 заң бойынша бұл күн мемлекеттік мерекелер қатарына қосылды.

Мереке неліктен ұмытылды?

Ал 2009 жылы «аталған заңға өзгерістер енгізілді. Сөйтіп, 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні ұлттық мереке болып өзгергендіктен, Республика күні мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мерекенің тарихи маңызын алға тартып, қайта жаңғырту керек екенін мәлімдеген соң, 29 қыркүйекте ұлттық мереке ретінде қайта бекіту туралы заңға қол қойды.

– Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан, қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек, – деді Тоқаев Ұлытауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында.

Осылайша, бұған дейін ұлттық мереке ретінде тойланып келген 16 желтоқсандағы тәуелсіздік күні мемлекеттік мерекеге ауыстырылды. Президенттің айтуынша, бұл күн күнтізбеде мереке емес, еске алу күні сипатында ерекшеленетін болмақ.

Заңға сәйкес ұлттық мереке ретінде елдің дамуына айтарлықтай әсер еткен, ерекше тарихи маңызы бар оқиғалар болған күн бекітіледі. Ал мемлекеттік мерекелер «қоғамдық және саяси маңызы бар оқиғаларға арналған, азаматтар дәстүрлі түрде атап өтетін күндер».

Республика күні басқа елдерде қалай тойланады? 

Республика күні, әуелде айтып өткеніміздей әлемнің көптеген елінде ұлттық мереке ретінде тойланады. Ал күнтізбеде ерекшеленген  бұл күндердің тарихы әр елде әртүрлі.

Мәселен 11 қаңтар Албанияда «Албания Республикасы күні» тойланады. Мереке 1946 жылдан бастап фашистердің орнына келген коммунистік режим Албания Халық Республикасы болып жарияланған  кезден атап өтіледі екен.

Ал Пәкістан Ислам Республикасының күні 23 наурызға белгіленген, бұл мейрам 1940 жылы Лахор қарарының қабылдануымен тікелей байланысты.

1950 жылғы 26 қаңтардан Үндістанда «Үндістан Республикасының күні» тойланады.

 width=

31 мамыр – Оңтүстік Африка күні елде 1910 жылы Ұлыбританиядан тәуелсіздік алған күнге байланысты атап өтіледі. Оған қоса 1961 жылы сол күні Оңтүстік Африка Республикасының Мемлекеттік Президенті лауазымы енгізілді.

«Италия Республикасы күні» (Festa della Repubblica italiana) – 2000 жылғы 20 қарашада Италия Президенті қол қойған заңға сәйкес белгіленген мемлекеттік мереке. Бұл дата ны тойлау 1946 жылғы 2 маусымда өткен референдумда қабылданған тарихи шешімдерге негізделген.

 width=

Мерекені ел тарихынан ерекше орын алатын тұлғаларға байланысты да бекіткен елдер де бар. Мәселен 17 маусым –«Исландия Республикасының күні» Исландияның Тәуелсіздік қозғалысына үлес қосқан елдің ұлттық батыры Йон Сигурдссонның туған күнінде атап өтіледі.

Ал 1 қазандағы «Қытай Халық Республикасының құрылу күні» елде бес күн бойы атап өтіледі. Бұл күндері Қытай астананың басты көшелері мен алаңдары сан мыңдаған гүл композициясымен безендіріледі, одан бөлек әскери шерулер, концерттер, викториналар, шерулер, үлкен салюттер — мұның бәрі Республика күнінің ажырамас атрибутына айналған.

Ал Түркияда 1923 жылғы 29 қазанда мемлекет конституциясына түзетулер енгізіліп, ел республика деп жарияланды. Бұл оқиға Осман империясының түпкілікті ыдырауына әкелді. «Республика күнінде» мұнда да түрлі-түсті феерикалық шоулар ұйымдастырылады, әскери шерулер өтеді.

 width=

Әзірбайжанның республика күні 1918 жылдан бастап 28 мамырда тойланады. Бұл күні Әзірбайжан Демократиялық Республикасы құрылған. Армения да республика күнін тура осы күн, осы жылдан бері атап өтіп келеді.

Ал Ресейде бұл мерекені әр республика әртүрлі уақытта тойлайды және басты мереке саналады.

3 шілде – Беларусь Республикасының күні, бұл сондай-ақ «Беларуссияны азат ету күні», «Тәуелсіздік күні» деп те аталады. Бұл дата Ұлы Отан соғысы кезінде ел аумағының неміс басқыншыларынан азат етілген уақыты ретінде тарихқа енген. Мерекені осы күні  тойлау туралы шешім 1996 жылғы референдумда қабылданған.

Осылайша еліміздегі ұлттық және мемлекеттік маңызы бар мерекелер саны 10-ға жетті. Биыл мерекеге орай қазақстандықтар 23-25 қазан аралығында – үш күн демалады.

Серіктес жаңалықтары