Футзалдан Қазақстан құрамасының Словенияға қарсы құрамы жарияланды

Футзалдан Қазақстан құрамасының Словенияға қарсы құрамы жарияланды

Футзалдан Қазақстан құрамасының Словенияға қарсы құрамы жарияланды
ашық дереккөзі
50244
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Рикардо Кака 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Словениямен өтетін кездесуге шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады деп хабарлады turkystan.kz prosports.kz сайтына сілтеме жасап. Тізімге 16 ойыншы енді. Жарақатына байланысты ұлттық құраманың көшбасшылары Біржан Оразов пен Эдсон шақырту алмады. Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы: Қақпашылар: Игита («Қайрат»), Нұрәлем Байдулла («Рахмет»), Андрей Голубничий («Ақтөбе»); Алаңдағы ойыншылар: Дуглас, Дәурен Нұрғожин, Шыңғыс Есенаманов, Дәурен Тұрсағұлов, Альберт Ақбалықов (барлығы – «Қайрат»), Лео («Жоинвиль», Бразилия), Тайнан («Эль-Посо», Испания), Азат Валиуллин («Аят»), Арнольд Кнауб, Райымбек Жұма, (екеуі де – «Каспий»), Евгений Кошкин, Ақжол Дәрібай (екеуі де – «Астана»), Серік Мәжитов («Байтерек»); Футзалдан Қазақстан құрамасы 8 қазан күні 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің алғашқы ойынын Словениямен өткізеді. Матч Астана қаласында Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында болады.

Серіктес жаңалықтары