«ҚазТемірТранс» Қостанай филиалының директоры 6 жылға сотталды

«ҚазТемірТранс» Қостанай филиалының директоры 6 жылға сотталды

«ҚазТемірТранс» Қостанай филиалының директоры 6 жылға сотталды
ашық дереккөзі
50198
«ҚазТемірТранс» Қостанай филиалының директоры пара алғаны үшін сотталды деп хабарлады turkystan.kz. 3 қазанда Қостанай қаласының №2 сотымен «ҚазТемірТранс» АҚ Қостанай филиалының директоры Б.Усабеков пен «Вадиса М» ЖШС директоры С.Таировқа қатысты айыптау үкімі шығарылды. Сот үкімімен Усабековке орташа қауіпсіздік мекемесінде 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Антикордың мәлімдеуінше, аталған тұлғалар жүк вагондарын кедергісіз және жедел жеткізгені үшін пара алды, пара берді деп айыпталды. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Сот үкімімен Таировқа пара беру фактісі бойынша параның 20 еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл тағайындалды, бұл 24 млн теңгені құрайды.

Серіктес жаңалықтары