Қазақстанға жасалған кибершабуылдардың артында кім тұр?

Қазақстанға жасалған кибершабуылдардың артында кім тұр?

Қазақстанға жасалған кибершабуылдардың артында кім тұр?
ашық дереккөзі
50266
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазнеттегі DDoS шабуылдары туралы пікір білдірді.  Оның айтуынша, министрлік ақпараттық қауіпсіздік саласын­да мемлекеттік саясат әзірлеу үстінде. Мемлекеттік техникалық қызмет «шабуылдардың себептері мен салдарын жоюмен айна­лысады. Оларда бұл шабуыл­дардың алдын алуға қажетті бар­лық құрал мен ресурс бар. Ұйым осы киберқалқанды басқару үшін құрылған», – деді ведомство бас­шысы. Министр DDoS-шабуыл­дар­дың қайдан жасалып жатқаны және оның артында қандай ұйым тұрғаны әлі белгісіз екенін мә­лімдеді. Бізде нақты ақпарат жоқ. Ол шабуылдарды ұйымдас­тыратын­дар прокси-серверлерді, VPN-серверлерін пайдаланып, барын­ша жасырын істеуге тыры­сады. Белгілі бір механизмдер арқылы олар анонимділігін сақтай алады. Кейінгі уақытта жасалып жатқан шабуылдарға байланысты мемле­кеттік барлық ресми ресурс­тар мен интернетке үлкен жүктеме түсіп отыр. Шабуылдың ішкі тіз­бегі сыртқы шабуылға қарағанда әлдеқайда айқынырақ болады. Сондықтан бұл шабуылдар Қазақ­станнан тыс жерде жасалып жатыр», – деді Бағдат Мусин.

Серіктес жаңалықтары