50506
Сақтаныңыз: жүрек талмасына шалдықтыратын сусын
Сақтаныңыз: жүрек талмасына шалдықтыратын сусын
Жүрек талмасына тап болғандардың 70 пайызы – қан қысымы жоғары адамдар. Яғни, қан қысымы жоғары адам жүрек талмасына ұшырау қаупі жақын.
Сондықтан қан қысымын реттеуге мән берген жөн. Ал қан қысымы тамақтануға тікелей байланысты. Дұрыс тамақтанбау қан қысымына әкелетінін талай зерттеу дәлелдеген. Әсіресе, тұзды, майлы тағамдар мен қанты мол сусындарды, ішімдіктен алыс болған абзал.
АҚШ-тың Бостон университетінің ғалымдары тәтті сусынның адам денсаулығына зиян екенін тағы дәлелдеді.
Мамандар жасы 45-тен асқан 3 мың адамды тәжірибеге алып, 10 жыл бойы бақылаған екен. Олардың ішкен сусыны мен оның жүрекке, қан қысымына әсерін анықтауға тырысқан. Бақылау барысында мамандар күніне бір рет болсын газдалған, диеталық тәтті сусын ішкен адамдардың ішпегендерге қарағанда инсультке бейім болатынын байқаған. Ал газдалған сусын ішуді әдетке айналдырғандардың ішінде ишемиялық инсультке шалдыққандардың саны үш есе көп боп шыққан.
Газдалған сусынның зияны инсультпен, қан қысымымен шектеліп қалмайды. Мұндай сусындар адамның ерте қартаюына, ми жұмысының әлсіреуіне де әкеледі екен.
Сондықтан «диеталық сусын, газдалған сусынды адам денсаулығына пайдалы деп ешқашан жарнамалауға болмайды» дейді ғалымдар.