50213
Қазақстан азаматтық альянсы Тоқаевтың кандидатурасын ұсынуды қолдайтынын мәлімдеді
Қазақстан азаматтық альянсы Тоқаевтың кандидатурасын ұсынуды қолдайтынын мәлімдеді
Бүгін Қазақстанның азаматтық альянсы мүшелерінің конференциясы өтті. Оған онлайн форматта еліміздің жиырма өңірінің азаматтық альянсының көшбасшылары қатысты.
Азаматтық альянстың президенті, конференция төрағасы Бану Нұрғазиева жиналысқа қатысушылардың алдында сөз сөйледі.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Жаңа Қазақстан: жаңару және жаңғырту жолы» Жолдауында қоғамдық ұйымдардың қызметін елдің орнықты және жан-жақты ілгерілеуінің маңызды факторы деп атады және қоғамдық ұйымдар мен белсенділерді реформаларды дайындау мен іске асыруға кеңінен және тереңірек тартуға шақырды», – деді Азаматтық альянс басшысы.Бану Нұрғазиева әлемдегі күрделі геосаяси жағдайға қарамастан, Қазақстанда саяси жаңғыру, экономиканы қайта құрылымдау, әлеуметтік саланы дамыту жоғары қарқынмен жүріп жатқанын атап өтті. Елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өмірінің барлық салаларында елеулі өзгерістер болып жатыр.
«Президент алғашқы күндерінен бастап сындарлы диалогқа, билік пен халық арасында тиімді кері байланыс орнатуға бағытталған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ұсына отырып, мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының жаңа форматын белгіледі. Халық өзгерістерге және ел Президентіне сенімін білдіреді», – деді ол.Өңірлік альянс көшбасшылары Президент ұсынған барлық бастамалар мен реформаларды Қазақстан азаматтары талап ететінін, өйткені олар халықтың, қарапайым адамдардың мүдделерінен туындайтынын айтты. Қазақстан азаматтық альянсы конференциясының мүшелері бірауыздан Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасын ұсынуды қолдайтынын мәлімдеді.