50272
Президент: әлемде 9-орын алатын ұлан-ғайыр жері бар Қазақстанда жайылым тапшылығы – еш қисынға келмейтін нәрсе
Президент: әлемде 9-орын алатын ұлан-ғайыр жері бар Қазақстанда жайылым тапшылығы – еш қисынға келмейтін нәрсе
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы жұмыс сапары барысында Қазақстанда жайылым тапшылығы деген мәселе болмауы керек деді.
«Менің тапсырмаммен ауыл шаруашылығы жерлеріне ғарыштан мониторинг жасалды. Республика бойынша игерілмей бос жатқан 20 миллионнан астам гектар жайылым жер анықталды. Оны мемлекет меншігіне қайтарумен айналысатын арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Қазірдің өзінде 4,2 миллион гектардан астам алқап қайтарылды», - деді Президент.Мемлекет басшысы соның ішінде 1,1 миллион гектар жер Қарағанды облысына тиесілі екенін айтты.
«Әлемде 9-орын алатын ұлан-ғайыр жері бар Қазақстанда жайылым тапшылығы деген – еш қисынға келмейтін нәрсе. Осы кең байтақ жеріміздің игілігін латифундистер емес, қарапайым халық көруі керек. Сондықтан, ендігі мәселе – қайтарылған жерді жергілікті шаруаларға әділ бөліп беру қажет. Сонда ғана фермерлердің өз шаруашылығын адал жүргізуге сенімі артады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.