Шамалған станциясында пойыздың астына түскен ер адам қайтыс болды

Шамалған станциясында пойыздың астына түскен ер адам қайтыс болды

Шамалған станциясында пойыздың астына түскен ер адам қайтыс болды
ашық дереккөзі
50209
ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, оқиға 3 қазан күні Шамалған станциясында болды деп хабарлады turkystan.kz. «Алматы-Ақтөбе» бағытындағы жолаушылар пойызы белгіленбеген жерде темір жолдан өтіп бара жатқан ер адамды қағып кеткен. Азамат алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды.
«Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 344-бабы 2-бөлігі, яғни, абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған қозғалыс қауіпсіздігі немесе темір жол көлігін пайдалану ережелерін бұзу бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген хабарламада.
Көліктегі полиция департаментінен түскен мәліметке қарағанда, жыл басынан бері белгіленбеген орындарда темір жолдарды кесіп өткені үшін 34 019 азаматт әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
«9 айда еліміз бойынша 72 азамат пойыз астына түскен. Олардың жартысынан көбі көз жұмған. Соның ішінде 10 факт бойынша балалар зардап шекті. Оның 8-і қайтыс болды», - делінген хабарламада.
Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеевтің айтуынша, жазатайым оқиғалардың негізгі себептері - азаматтардың белгіленбеген жерлерде темір жолдарды кесіп өтуі. Әлі күнге дейін адамдар темір жолдың қаншалықты қауіпті аймақ екендігін, оның зардаптарын жете түсінбеген.
«Пойыздардың адамдарды жиі қағып кету фактілері мына станцияларда тіркелген: Алматы 1  - 11, Шымкент - 7, Ақтөбе - 6 және Қарағанды-Сұрыптау және Тараз станцияларында 5 факт», - деді Оңал Бекеев.
 

Серіктес жаңалықтары